Ұйге Сервердің картасы Хат жазу Қазақ тiлi Русская версия
ШКО ТУРИЗМ,

Мекеме туралы

Асқар Байжігітұлы Можанов 1973 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
Жас кезінен спортпен белсенді айналысады. Кикбоксинг бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, 5 дүркін Әлем чемпионы, 3 дүркін Европа чемпионы, Қазақстан Республикасы спортында құрметті қызметші атағын алған.
Дене шынықтыру және спорт саласында үлкен тәжірибесі бар. 1995 -2002 жылдары «Алтай» - кәсіпқойлық – спорт клубы директорының орынбасары. 2002 жылдан бастап мемлеқеттік кызметте – ШҚО спорт және туризм басқармасының бастығы орынбасары, 2003 жылдан бастап спорт және ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің бастығы.
2004-2009 жылдары Өскемен қаласының спорт және туризм, білім және спорт, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде басшы лауазымдарын атқарды.
Оның басшылығымен Өскемен қаласы әртүрлі спорттық іс-шараларда, спартакиадаларда бірінші орындарда көрініп жүрді.
2009 жылдың 3 сәуірінен бастап ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары.
2009 жылдың 8 мамырынан бастап ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Өзінің спортшы және басшы үлгісімен, салауатты өмір сүруге құштарлығын көрнекілікті көрсете алады. Спорттық жарыстарда тек ұйымдастырып қана қоймай, өзі де қатысады.
Үйленген, екі баласы бар. 

 

Лауазымдық міндеті:

Басқарма жұмысына басшылық ету, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Басқарма мүддесін  мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда, облыс қызығушылығын халықаралық, ауданаралық іс-шараларда қорғау. Орынбасарының және басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқарма қызметшілеріне, ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жетекшілеріне мадақтайды және тәртіптік жаза қолдана алады. Құрылымдық бөлімдердің ережелерін және жұмыс жоспарларын бекітеді. Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын, спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларының тізімін бекітеді. Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелеріне жетекшілік етеді. Спорттық резервтің, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінің, дене шынықтыру және спорттың материалды-техникалық дамуын үйлестіреді және бақылау жасайды.
Спортшыларға спорттық атақтар, бапкер-оқытушылар құрамына және спорт бойынша төрешілерге дәрежелер беру  бойынша комиссияға басшылық етеді.

Қабылдау уақыты: сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін.
Телефон: 25-06-68

Шығыс Қазақстан облысының туризм дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдаушы тұлғаның Т.Ә.Ж.

қабылдаушы тұлғаның лауазымы

қабылдау күні мен уақыты

Байланыс телефоны

Можанов А.Б.

басқарма бастығы

дүйсенбі, сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін

25-06-68

Сейтқұжинов Р.М.

Спорт бойынша басқарма бастығының
орынбасары

бейсенбі,  сағат  17.00-ден 18.00-ге дейін

25-29-97

Русина М. Н.

Туризм бойынша басқарма бастығының
орынбасары

бейсенбі,  сағат  17.00-ден 18.00-ге дейін

57-76-58

 

Басқарма қызметінің бағыттары

Басқарманың негізгі міндеттері:

  1. дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
  2. Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спортты дамыту, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт резервін және спортшыларды даярлау;
  3. Дене шынықтыру және спорттың материалды-техникалық базасын құру және нығайтуға қатысу;
  4. Спорттық қозғалысты насихаттау, сондай-ақ өз құзіреті шегінде дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру;
  5. Спорт түрлері бойынша және Олимпиадалық, ұлттық спорт ойындары түрлерін өткізу.

Басқарма келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  1. дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты және мақсатты бағдарламаларды іске асырады, облыстың ағымдағы және мақсатты бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
  2. дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ басқарманың құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қала әкімдері мен облыс аудандарымен өзара байланыс орнатады;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізілім бойынша қызмет түрлеріне лицензия береді;
  4. Дене шынықтыру және спорт саласында инвестиция тарту бойынша жұмыстарға қатысады, соның ішінде спорт өнімдерінің өндірісін дамытуға қатысады;
  5. Мемлекеттік спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
  6. Спорттық ғимараттар құрылысының мәселесін үйлестіруге қатысады, олардың оқу-жаттығу барысын және жарыстарды өткізуге техникалық және қорғаныс жағдайына бақылау жасайды;
  7. Дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша ведомствалық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
  8. Басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырған спорттық іс-шаралар жоспарын үйлестіреді, спорттық іс-шаралар, жарыстардың біртұтас күнтізбелік жоспарын әзірлейді;
  9. Статистикалық есеп жүргізеді, облыстың спорттық ұйымдарынан статистикалық ақпарат алады.

Басқарманың құқығы:

  1. жергілікті бюджеттен қаржыланатын спорт жарыстарын өткізуге бақылау жасайды;
  2. кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, дене шынықтыру және спорт бойынша конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа түрлерін және мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастырады;
  3. спорттық атақтар беру мәселелерін шешу, облыстық және басқа іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, спорттық ұйымдардың қызметшілерін медалдармен, белгілермен, дипломдармен, құнды жүлделермен марапаттау, бапкер-оқытушылар құрамына,  спорт бойынша төрешілерге дәрежелер беру;
  4. ниет білдірген басқармалармен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен спорттық резерв даярлау бойынша жұмыс жасау, спорт клубтары мен мектептердің дамуын үйлестіру, оларда оқу-жаттығу барысын ұйымдастыру;
  5. спортты дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, мақсатты бағдарламаларға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын бөлу бойынша ұсыныс енгізу;
  6. өз қызметін атқару үшін мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан ақпарат сұрату;
  7. басқарманың ведомствалық бағыныстағы ұйымдарын құру, қайта құру, тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
  8. спорт түрлері бойынша облыстық рекордтарды бекіту.

Мұрағат

+ 2010
1-ші жартыжылдық 2-ші жартыжылдық
1-ші тоқсан 2-ші тоқсан 3-ші тоқсан 4-ші тоқсан
+ 2009 жыл
1-ші жартыжылдық 2-ші жартыжылдық
1-ші тоқсан 2-ші тоқсан 3-ші тоқсан 4-ші тоқсан
+ 2008
1-ші жартыжылдық 2-ші жартыжылдық
1-ші тоқсан 2-ші тоқсан 3-ші тоқсан 4-ші тоқсан
+ 2007 жыл
1-ші жартыжылдық 2-ші жартыжылдық
1-ші тоқсан 2-ші тоқсан 3-ші тоқсан 4-ші тоқсан
+ 2005 жыл
1-ші жартыжылдық 2-ші жартыжылдық
1-ші тоқсан 2-ші тоқсан 3-ші тоқсан 4-ші тоқсан
Copyright © 2008-2010 Телефон: 25-24-46 e-mail: vkosport@mail.ru